Түркиядан Сирияға 10 ай ішінде жарты миллионнан астам босқын қайтып оралды
21:25, 29 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылғы 8 желтоқсаннан бастап, Түркиядан өз еркімен кеткен сириялық босқындар саны 509 387 адамды құрады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2016 жылдан бері Түркиядан Сирияға жалпы саны 1 249 390 босқын қайтып оралған.
— Сириялықтарды елге қайтару процесі Түркияның көші-қон басқармасы арқылы үйлестіріледі. Біз үшін ең маңыздысы — адамдардың өз отанына ерікті түрде және қауіпсіз жағдайда оралуы, — деді Ерликая.
Министр Түркия билігінің босқындарға қатысты ұстанымын «миграциялық процестерді басқару моделі» деп атады.
Осыдан бұрын хабарланғандай, Түркияның батысындағы Кутахья провинциясында 5,4 балдық жер сілкінісі болды.