Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2016 жылдан бері Түркиядан Сирияға жалпы саны 1 249 390 босқын қайтып оралған.
— Сириялықтарды елге қайтару процесі Түркияның көші-қон басқармасы арқылы үйлестіріледі. Біз үшін ең маңыздысы — адамдардың өз отанына ерікті түрде және қауіпсіз жағдайда оралуы, — деді Ерликая.
Министр Түркия билігінің босқындарға қатысты ұстанымын «миграциялық процестерді басқару моделі» деп атады.
Осыдан бұрын хабарланғандай, Түркияның батысындағы Кутахья провинциясында 5,4 балдық жер сілкінісі болды.