Түркияның Адана провинциясында 4,9 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияда Адана провинциясының Саймбейли ауданында 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Фото: Анадолы

Бұл туралы жексенбі, 24 мамыр күні Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасы (AFAD) хабарлады.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 04:26-да тіркеліп, Кахраманмараш, Османие, Кайсери және Нигде провинцияларында да сезілген. Жер сілкінісінің ошағы 8,6 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қирау немесе зардап туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкінісінің салдарын бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінген болатын.