Малатиядағы жер сілкінісінен кейін бірден Ризеде де 4,7 балдық зілзала тіркелді. Дүмпу Артвин, Байбурт, Эрзурум және Трабзонда да сезілген.
Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және апаттарды басқару департаментінің (AFAD) хабарлауынша, адамдар дүрбелеңге түсіп, көпшілігі үйлерін тастап кеткен.
Құтқарушылар жағдайды бақылап, жергілікті билік тұрғындарды сабырлық пен сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Бұған дейін жоғары инфляцияға байланысты туристер Түркияға саяхаттаудан бас тартып жатқаны туралы жазғанбыз.