Түркияның Fergani FGN-100-d2 спутнигі орбитаға сәтті шығарылды

Фото: Анадолу

Ұлттық ресурстарды пайдалана отырып әзірленген Fergani Uzay компаниясының екінші FGN-100-d2 спутнигі ғарышқа сапарын сәтті бастады, деп хабарлайды Анадолу.

Baykar ақпаратына сүйенсек, Baykar директорлар кеңесінің төрағасы және технологиялық жетекшісі Сельчук Байрактар негізін қалаған Fergani Uzay компаниясы FGN-100-d2 спутнигін 2025 жылғы 2 қараша күні Түркия уақытымен 08:09-де АҚШ-тағы Канаверал мүйісіндегі SLC-40 ұшыру алаңынан ғарышқа жіберді. Осылайша, Fergani Uzay навигациялық спутниктер тобы жобасының екінші кезеңі табысты аяқталды.

104 кг салмағы бар FGN-100-d2 — Түркияның ең ірі жеке спутнигі. Ол SpaceX Bandwagon-4 миссиясы аясында ұшырылды. Старттан 74 минут өткен соң, Түркия уақытымен 09:23-те аппарат зымыран тасығыштан бөлініп, жоспарланған орбитаға шықты және алғашқы телеметриялық деректерін жіберді.

Ұшыру процесін онлайн түрде Оздемир Байрактар атындағы Ұлттық технологиялық орталығында орналасқан Ғарыштық бақылау және басқару орталығынан Сельчук Байрактар және оның командасы бақылап отырды.

Айта кетейік, Қытай жерді қашықтан зондтайтын жаңа спутнигін ғарышқа ұшырғанын жаздық.