Түркияның Измир жағалауында 44 мигрант құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның батысындағы Измир провинциясының Дикили аймағы жағалауынан 44 заңсыз мигрант құтқарылды. Бұл туралы Түркия елінің Жағалау күзеті басқармасынан хабарлады.

Фото: aa.com.tr

Мигранттар қарама-қарсы жағалауға жетіп алмақ болған үрленетін қайығы қозғалтқышының ақауына байланысты жағалаудан көмек сұрады. 

Құтқарылған мигранттар Измирдің Көші-қон мәселелері бойынша аймақтық басқармасына жеткізілді.