Түркияның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің экспорты 10 млрд доллардан асты

Фото: haber.aero

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия 2025 жылдың соңына қарай қорғаныс және авиация экспорты бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Түркия Президенті әкімшілігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Халук Гёргюннің мәлімдеуінше, елдің қорғаныс және авиация өнеркәсібіндегі экспорты өткен жылы 10 млрд доллардан асты.

- Нәтижелер күткеннен де асып түсті. Бұл Түркияның жалпы экспорт көрсеткіштері бойынша да, қорғаныс өнеркәсібінде де рекордтар жаңарған жыл болды, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұл сектордағы экспорт 2024 жылы 7,1 млрд долларды құраса, 2025 жылы шамамен 48%-ға артып, 10,5 млрд долларға жетті.

Бұған дейін Түркия 2025 жылдың ақпан айында қорғаныс және аэроғарыш өнімдері экспортының максималды өсімін көрсеткенін жаздық.

Сондай-ақ Түркия әуе тасымалы бойынша тарихи рекордты жаңартқанын хабарладық.