Түркияның оңтүстігінде 5,2 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM —Түркияның оңтүстігіндегі Османия провинциясының Сумбас аймағында 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі 7 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Фото: Анадолы

Түркияның Апат және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, жер сілкінісі сағат 14:43-те (Астана уақыты бойынша сағат 16:43) болған.

Эпицентрі Сумбас ауданында болды. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан.

Адана провинциясының Саймбейли ауданында да екі жер сілкінісі тіркелді: сағат 14:19-да 4,8 магнитудалы және сағат 14:36-да 4,9 магнитудалы жер сілкінісі.

Бұған дейін Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік.