Түркияның Апат және төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, әзірге ешқандай шығын немесе құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ. Алайда, қаладағы мектептердің жұмысы уақытша тоқтатылды, ал сумен жабдықтау жүйесінде судың лайланғаны анықталды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Малатия провинциясының Батталгази ауданында орналасқан. Агенттік мәліметі бойынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:00-де 7,03 шақырым тереңдікте тіркелген.
Шамамен бір жарым сағаттан кейін аймақта 3,6 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі 12,1 шақырым.
Жер сілкінісі тек Малатияда ғана емес, сонымен қатар Кахраманмараш, Диярбакыр және басқа да көршілес аймақтарда сезілді.
Малатия губернаторы Седдар Явуз провинциядағы барлық білім беру мекемелерінде сабақтардың бір күнге тоқтатылғанын жариялады. Ол бұл шешім тұрғындар мен студенттердің қауіпсіздігі үшін қабылданғанын айтты.
Жер сілкінісінен кейін билік қаланың бір бөлігін қамтамасыз ететін Гүндүзбей бұлағынан ауыз судың лайланғанын хабарлады. Муниципалдық және санитарлық органдар судың сапасын талдап, тексеріп жатыр. Тұрғындарға жағдай қалпына келгенше ауыз су пайдаланарда сақ болуға кеңес берілді.
Түркияның ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи құтқару және бақылау қызметтері жер сілкінісінен кейін бірден аумақты зерттей бастағанын мәлімдеді.
Бұған дейін Қытайдың оңтүстігінде жер сілкінісінен екі адам қаза тапқанын хабарлаған едік.