Түркияның Адыяман провинциясында жер сілкінісінен қираған 6 үйдің мердігері ұсталды

АНКАРА. Aнадолы - ҚазАқпарат - Түркияның Мерсин провинциясында Адыяман провинциясының Бесни ауданында жер сілкінісі салдарынан қираған алты үйдің мердігері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Шюкрю Ишитмен салған үйлер қирандыларының астында 123 адам қаза болды, деп хабарлайды Адыяман прокуратурасы.

Ишитмен ұсталып, Бесни аймағына жеткізіледі. Іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Aнадолу агенттігінің хабарлауынша, зілзаладан зардап шеккен провинцияларда жер сілкінісіне қатысы бар қылмысты тергеу департаменттері құрылады.

Бұған дейін Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттардағы құрылыс ақауларына байланысты сегіз адам қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен кейін толығымен қираған Rönesans Rezidans тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі елден Ыстанбұл әуежайында елден қашпақ болған жерінен ұсталды.

Өткен дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияда екі жер сілкінісі балдық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Қахраманмарашта орналасқан.

Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік туы бүкіл елде жартылай түсірілді.

Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.

Осы сағатта Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31 мыңнан асты.

Фото: Анадолы агенттігі