«Дүлей апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқарма (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі Хатай қаласының Дефна ауданында болды. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 9,76 км», - делінген Анадолы мәліметінде.
Еске салайық, 20 ақпан күні Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тауып, 562 тұрғын зардап шеккен болатын.
6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жойқын зілзаладан мерт болғандар саны соңғы мәлімет бойынша 42 310 адамға жетті.