Түркияның Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар киіз үй тіге бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жер сілкінісіне байланысты Түркия халқына көмек көрсету мақсатында Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар бірнеше киіз үй орната бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Киіз үй алғаш болып Кахраманмараш қаласында орнатыла бастады. Бұл киіз үйлердің Түркияға жеткізілгеніне бірнеше күн болды. Бүгін тағы 84 киіз үй әкеледі», – деді қазақстандық тілші Нұрбек Бекбау Instagram парақшасында.

Еске салайық, қазақстандықтар Түркия халқына 100-ге жуық киіз үй жіберетіні туралы хабарлаған едік.

Видеодан алынған кадр