Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың салдарын жою және алдын алу басқармасының ақпараты бойынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 08:44-те тіркелген. Ошағы 11,27 шақырым тереңде жатыр.
13:45, 25 Шілде 2023
Түркияның оңтүстігінде 5,5 балдық жер сілкінісі болды
АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстіктегі Адана провинциясының Козан ауданында 5,5 балдық зілзала болды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.