Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 1500-ден асты
«Жер сілкінісі салдарынан 1541 адам қаза тауып, 9733 азаматымыз зардап шекті. Соңғы мәліметтер бойынша 3471 ғимарат қираған», - деді ол Анкарада өткен баспасөз мәслихатында.
Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Кейін Түркияда 7,7 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оған көршілес Сирияда 460-тан астам адам қаза тапты.
Бұрын хабарланғандай, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі орын алды. Төтенше оқиғаның салдары Сирияда, тіпті Грузияда да сезілуде. Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан және зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға елдің оңтүстік-шығысында көптеген құрбан болғанына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан да Түркияға шұғыл көмек көрсетеді.
Фото: Reuters