Түрікменстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Ақорда
Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.