Түрікменстанда арнайы қызмет басшысы ауысты

Фото: AS Steel

АСТАНА. KAZINFORM – Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ұлттық қауіпсіздік министрі, генерал-майор Назар Атағараевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатты.

Қауіпсіздік пен барлау үшін жауапты елдегі арнайы қызметтің басты органы басшысы лауазымына генерал-майор Довлетгелди Мередов тағайындалды,-деп жазады TDH.

Осыған дейін Қырғызстанның Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшылығындағы ауқымды өзгерістер туралы хабарланды.