Отырар ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне талдау жүргізіп, заң бұзушылықты анықтады.
Аудандық мәслихат шешімі бойынша І, ІІ және ІІІ топтағы 7-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балаларға ай сайын 4 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік көмек берілуге тиіс.
Алайда 2023-2025 жылдары 96 балаға белгіленген 4 АЕК орнына 3 АЕК көлемінде ғана төлем жасалған. Соның салдарынан балалардың заңмен кепілдендірілген әлеуметтік құқықтары бұзылған.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін заң бұзушылық толық жойылды. 96 баланың құқықтары қалпына келтіріліп, төленбей қалған 9 миллион теңгеге жуық қаражат толық өтелді.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында мекеме 107 жұмыскерге 2,1 млн теңге үстемақысын төлемей келгенін жазған едік.