– Күдіктілердің екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы ретте облыстық Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен екі қызметкер де теріс себептермен жұмыстан шығарылды, – деп атап өтті Ш.Алекешев.
Сонымен қатар басқа да жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
– Ішкі істер министрі өз қатарымызды мұндай арам пиғылды қызметкерлерден тұрақты негізде тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыратыны туралы бірнеше рет атап өткен болатын. Антын сататын қызметкерлерге қарсы өзіміздің принципті ұстанымымызды мәлімдейміз, – деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын Шымкентте есірткі бойынша есепте тұрған 7 азамат медициналық тексеруден өтпегені туралы жазған едік.