Түркістан облысында ер адамның өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысы бар күдіктілер ұсталған.

Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде Түлкібас ауданында ауылдастарымен кездесуге шыққан ер адамның кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Жарияланған мәліметке сәйкес, бірнеше ер адам тұрғынды соққыға жыққан.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Түркістан облысында сыныптасын өлтірген 4 оқушыға үкім шыққанын жазған едік.