Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті

Фото: Фото: Түркістан облысы ТЖД

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Ауруханаға жеткізілген 6 адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға Созақ ауданы, Аққолтық ауылында болды. Жеке тұрғын үйде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылып, 180 шаршы метрлік жеке тұрғын үй толығымен қирап қалды.

Фото: Түркістан облысы ТЖД

Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келгенге дейін көршілер үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адамды ауруханаға жеткізген. Оның ішінде кәмелетке толмаған 5 бала бар. 

Фото:Түркістан облысы ТЖД

«Жарылыс салдары анықталып жатыр. Сағат 21:40-та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 шаршы метр қираған төбе жаппасының  жанғаны анықталды. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді. 6 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір үшеуі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», - деді Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев.

Фото: Түркістан облысы ТЖД

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында бір өзі екі ауданға қарайтын ауылдар бар екендігін жазған болатынбыз.