Ведомство басшысының айтуынша, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауға алынған.
— Күдікті ретінде шетелдік қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Істің жай-жапсарын содан кейін айтамыз, — деді Ержан Саденов.
Бұған дейін Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында жас қыздың мәйіті табылғанын, ол колледждің бірінші курс студенті болғанын хабарлаған едік.
Қайғылы оқиға 6 маусым күні таңғы сағат 07:05 шамасында тіркелген.