Қажетті жабдықтар кәсіпкердің Қытайдан тартылған 190 млн теңге көлеміндегі инвестициялық қаражаты есебінен сатып алынды.
Цехтың тәуліктік қуаттылығы — 7 тонна шикізат. Дайын өнім өңірдегі сауда нүктелерінде, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында сатылып жатыр.
Кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда Жетісай қаласына 94,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жалпы 8 жоба жүзеге асырылды. Алдағы жылдарға тағы 6 жобаны қолға алу межеленіп отыр.
Бұған дейін Қызылорданың күрішінен қамысына дейін экспортталып жатқанын жазған едік.
Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын жетілдіруге республикалық бюджеттен 4,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.