Түркістан облысында нөсерден кейін бірнеше ауылды су басты

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысының Қазығұрт ауданында нөсер жауын салдарынан бірнеше елдімекенде көшелер мен аулаларға су кірді.

Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігі

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан ауылдарды жалғайтын жолдар мен елдімекен көшелеріне су жайылғанын көруге болады. Көлкіген су жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қолайсыздық туғызған.

Бұған дейін «Қазгидромет» болжамына сәйкес, 1 қазанда жаңбыр жауып, күн суытатыны хабарланған еді.