Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
— Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Осыған дейін ақпан айында Жамбыл облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқанын жазған едік.