Түркістан облысында тауға шыққан 66 жастағы қария адасып кетті
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Қазығұрт шыңын бағындырмақ болған қария құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге жеткізіліп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.
Фото: Түркістан облысы ТЖД
Оқиға Қазығұрт ауданына қарасты Атбұлақ ауылынан 8 шақырым қашықта болды.
Фото: Түркістан облысы ТЖД
Кешкі сағат 19:10 шамасында 1741 метр биіктіктегі Қазығұрт шыңына шыққан қария тауда адасып қалған.
Қауіпті жағдайға тап болған оны құтқарушылар төмен түсірді.
ТЖД мамандары жедел медициналық жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аймаққа алып шықты.
Фото: Түркістан облысы ТЖД
«Төтенше жағдай департаментінің мамандары таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Тауға шығар алдында маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеп, сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыздар» делінген ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.