Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және олардың орналасқан жерін анықтады.
— Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды, — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында әйел өз үйінде аяусыз соққыға жығылып, тоналғанын жазған едік.