Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 қазанда сағат 14:30–да Мақтаарал ауданындағы Жетісай — Атакент тасжолы бойында орналасқан мақта өңдеу зауытының ашық аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
— Зауыт аумағындағы жалпы салмағы 700 тонна мақта жиынтығының ішінен 170 тоннаны құрайтын төрт мақта бунты жанған. Өрт 242 шаршы метр аумақты шарпыды, — деп хабарлады облыстық ТЖД.
ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 260 тонна мақтаның жанып кеткені туралы хабарланған болатын.