Түркістан облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - 11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхананың қызметін тоқтатты.
Фото: ҚР ҰҚК
Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды.
Фото: ҚР ҰҚК
60 кг-нан астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған жабдықтар алынды.
Фото: ҚР ҰҚК
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).
Фото: ҚР ҰҚК
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.