Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
- Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шықты. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
Бұдан бұрын Түркістан облысында ауруханадан қашқан сотталушы ұсталғанын жазған едік.
Сәбит Тастанбек