Түркістан облысындағы мектепте 20-дан астам ұлт өкілі білім алып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан облысы Төле би ауданындағы №5 мектеп-гимназия - бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетіп отырған іргелі білім ордасы. Бүгінде мұнда 20-дан астам ұлт өкілінің балалары білім алып, әртүрлі мәдениет пен дәстүр тоғысқан ортада тәрбиеленуде.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқушылар қатарында қазақ, орыс, өзбек, түрік, әзербайжан, татар, кәріс, шешен, украин, қырғыз, неміс, күрд, беларусь, ұйғыр, тәжік, грузин, башқұрт, грек, иран және өзге де ұлт өкілдері бар.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Мектеп ұжымында 11 ұлттың мұғалімі қажырлы еңбек етуде. Бұл ұстаздарды біріктіретін ортақ құндылық - саналы ұрпақ тәрбиесі. Ұстаздардың кәсібилігі мен өзара ынтымағы, ортақ мақсаттары - білім ордасының тұрақты дамуы мен жетістігінің негізі.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ұжым мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, қолдау көрсетіп, ортақ мақсатқа жету жолында бірлесе еңбек етуде. Осындай өзара сыйластық пен түсіністік атмосферасы мектептің рухани негізін нығайта түсуде.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Айта кетелік Ұлттық ұланда 30 түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді