Түркістанда алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Республика күні қарсаңында 2000 орынға есептелген алғашқы жайлы пайдалануға берілді.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және қолдауымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан қаласының жаңа қала аумағында салынған 4 қабатты білім ордасында физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи жабдықтармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жекешелеген кішкене шкафтармен қамтылған. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сатылар, арнайы бейімделген әжетханалар салынған. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

«Биыл облысымызда жалпы сыйымдылығы 17 800 орын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгін оның алғашқысын ашқалы отырмыз. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын. Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын!» – деді Дархан Сатыбалды.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Жаңа білім ордасы қалада орналасқан 2 мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда №28 мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Қазіргі таңда 66 педагог ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен жұмысқа қабылданды. Оқушы санының толығуына қарай өзге де ұстаздар конкурстық рәсіммен қызметке еле алады. Білікті ұстаздар арнайы іріктелген. Бұдан бөлек, қаржы, шаруашылық қызметкерлері жұмысқа алынған. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында 120 мыңға жуық жұмыс орны ашылғанын жазған болатынбыз. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі