Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері құқық қорғау органдарына 4 700-ден астам өтініш түскен. Бәрі де отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға қатысты шағым. Оның ішінде 187 жағдайда әйелдер полициядан бірнеше рет көмек сұраған.
— Жыл басынан бері 3 900-ден астам азаматқа қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған. Учаскелік полиция инспекторлары олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіп, белгіленген талаптардың сақталуын бақылауда ұстайды. Қажет болған жағдайда заңда көзделген қосымша шектеулер қолданылады. Биыл 9 айа Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша 3 817 хаттама толтырылды, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша ескерту беріліп, 20 сағат жұмысқа тартылады немесе 5-10 тәулікке қамалады. Бұзушылық қайталанса 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында былтыр тұрмыстық зорлық-зорбылыққа қатысты 137, биыл 121 қылмыстық іс тіркелді.