ТЖМ 20 наурызға дейін үш өңірде жер сілкінеді деген ақпаратқа пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қазақстандықтарды жер сілкінісі қаупіне байланысты үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: images1.ynet.co.il

Оның айтуынша, ведомствоның аумақтық бөлімшелер мен техника төтенше жағдайға әрқашан дайын.

«Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және аумақтық бөлімшелер мен құрылымдық бөлімшелерді тексерудің тиісті жоспары бар. Пысықтау кезінде төтенше жағдайға дайындық барысы тексеріледі», - деді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар министрлік өкілі жер сілкінісі қаупі туралы болжамның рас екенін, бірақ дүрбелеңге жол бермеу керектігін айтты.

«Халыққа тиісті хабарды жеткізіп отырамыз», - дейді ведомство өкілі.

Одан бөлек, Руслан Иманқұлов жер сілкінісі қаупіне байланысты Алматы, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдеріне ешқандай хат-хабардың жетпегенін айтты.

Айтуынша, оның қажеті де жоқ.