ТЖМ бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерге тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Алматыдағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.
Алдын алу іс-шаралары аясында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері Ақсай өзенінің қорғаныс бөгеті маңындағы арнасын нығайту және тазарту жұмыстарын аяқтады.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеді.
Бүгін мореналық көлдер мен өзен бассейндеріне аэровизуалды тексеру жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар, ТЖМ қызметкерлері Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріне үздіксіз мониторинг жүргізіп жатыр.
Жағдайды бақылау мақсатында мониторингтік бекеттерде Алматы қаласы ТЖД, Құтқару қызметі, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесі және Полиция департаментінің 130-дан астам жеке құрамы мен 20 техникасы жұмылдырылған.
Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.
Айта кетелік Түрген – Ассы жолын су шайып, құтқарушылар 58 адамды эвакуациялаған еді.