Министрлік мәліметтеріне қарағанда, еліміздің батыс өңірінен басқа аумақтарының басым бөлігінде боран болады. Ал тұман мен көктайғақ шығыс өңірінен басқа бағыттар бойынша көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін. Сондай-ақ оңтүстік және шығыс облыстарда секундына 15–20 метр екпінді жел тұрады. Батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Осыған дейін еліміздің кейбір қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны туралы жаздық.