Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«3 наурызда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Жезқазған, Балқаш қалаларында, түнде Атырау қаласында күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда 2030 жылға дейінгі дендрологиялық жоспар әзірленіп жатыр.
Ал Роман Скляр Қытайдың ауа сапасын басқару әдісін қолдану мүмкіндігі зерделеніп жатқанын хабарлады.