ТЖМ Каспийдегі теңіз инфрақұрылымын дамытуды күшейтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысындағы «Баутино» жүк ауданында болды.

Фото: ТЖМ

Ол ауданның инфрақұрылымымен және материалдық-техникалық жарақталуымен танысты.

Фото: ТЖМ

Түпқараған ауданында орналасқан «Баутино» Каспий өңірі инфрақұрылымының негізгі нысандарының бірі болып табылады. Ол авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ теңіздегі мұнай төгінділерінің салдарын жоюды қоса алғанда теңіз операцияларын қолдау базасы ретінде маңызды рөл атқарады.

Фото: ТЖМ

Министр ауданның Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтіп, техникалық әлеуетті одан әрі дамыту және теңіз инфрақұрылымын жаңғырту қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ ТЖМ «Теңіз жасағы» бөлімшелері төтенше жағдайларға жедел әрекет ету тиімділігін арттырып, Каспий теңізі акваториясындағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетелік ТЖМ Каспийдегі теңіз құтқару жүйесін нығайтып жатқаны туралы жазған едік.