1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппараты:
- аппарат басшысы;
- департамент, орталық бастығы;
- департамент, орталық бастығының орынбасары;
- дербес басқарма бастығы;
- департамент басқармасының, орталықтың кезекші бөлімінің бастығы;
- дербес басқарма бастығының орынбасары;
- департамент басқармасы, орталықтың кезекші бөлімі бастығының орынбасары.
2. ТЖМ Өртке қарсы қызмет және Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеттері:
- Комитет төрағасы;
- Комитет төрағасының орынбасары;
- Комитет басқармасының бастығы;
- Комитет басқармасы бастығының орынбасары;
- Комитеттің дербес бөлімінің бастығы.
3. ТЖМ аумақтық органдары:
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы бастығының бірінші орынбасары;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы бастығының орынбасары;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы басқармасының бастығы;
- қалалық, аудандық (қаладағы аудандық) аумақтық органның бастығы;
- қалалық, аудандық (қаладағы аудандық) аумақтық орган бастығының орынбасары;
- өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, өрт сөндіру бекетінің бастығы.
Аталған қаулы 28 қыркүйекте қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі көтерілегенін жазғанбыз.