ТЖМ құтқарушылары Балқаш көлінде қауіпсіздік шараларын күшейтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысында Балқаш көлінде ТЖД құтқарушылары күн сайын су айдынын патрульдеуде.

Фото: ТЖМ

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүзу құралдары мен мамандандырылған техника қолданылуда.

ТЖМ қызметкерлері балықшылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, судағы жүріс-тұрыс ережелері мен сақтық шараларын еске салады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша көлде құтқарушылар 486 рейд өткізді.

Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Айта кетелік Жетісуда құтқарушылар Балқашты бақылауда ұстап отырғаны туралы жазған едік.