Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілді.
Қайықтың көмегімен олар көрсетілген жерге жедел жетіп, жасөспірімдерді қауіпсіз түрде жағаға эвакуациялады.
Анықталғандай, жасөспірімдер мінген үрлемелі қайық техникалық ақауға байланысты жарамсыз болып, өздігінен жағаға қайту мүмкін болмаған.
Айта кетелік Астанада қамыс арасына кірген ер адамға құтқарушылардың көмегі қажет болды.