ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 шілде мен 10 тамыз аралығында 610 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, олар бойынша жалпы сомасы 9 446 231 теңге көлемінде айыппұл салынды.
-ТЖМ азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, құтқару кеудешелерін пайдалануға, шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтауға және ауа райы қолайсыз болған жағдайда суға шықпауға шақырады,-делінген хабарламада.
Осыған дейін шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен астаналық жазаланғаны туралы жаздық.