ТЖМ санавиациясы баланы шұғыл түрде Атырау қаласындағы ауруханаға жеткізді
10:15, 07 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Қазавиақұтқару тікұшағының экипажы тағы бір санитарлық рейсті орындады.
Кеше ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағының экипажы жедел ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқасты шұғыл тасымалдау үшін маңызды ұшуды орындады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Атыраудан Құрманғазы ауданына ұшуды орындады.
Бортқа 2025 жылы туған сәби мен оның анасы қабылданды, содан кейін әуе кемесі жедел түрде Атырау қаласына қайтып оралды. Экипаж бен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында сәби одан әрі тексеру және емдеу үшін уақытылы ауруханаға жеткізілді.
Айта кетелік баланы Қызылордадан Алматыға санавиациямен жеткізген еді.