ТЖМ тікұшағы шұғыл түрде өкпе қабынуы сияқты диагнозы бар баланы шұғыл тасымалдау мақсатында әуеге көтерілген.
Ұшқыштар мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында науқас жедел түрде емдеу мекемесіне жеткізілді.
«ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары санитарлық авиация міндеттерін орындауға әрдайым дайын және еліміздің ең алыс аймақтарында да адам өмірін сақтап қалып жатыр», делінген ТЖМ ресми ақпаратында.
Еске сала кетейік, бұған дейін жағдайы күрт нашарлаған павлодарлық сәби ТЖМ тікұшағымен Астанаға шұғыл жеткізілгенін жаздық.