ТЖМ су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстарын жалғастырып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM —   Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупінің алдын алуға бағытталған жарылыс жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Видеодан алынған скрин

Ақжар ауданында Қулыкөл елді мекенінің маңындағы Қарасу өзенінде 1200 шаршы метр аумақта мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. 

Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты – мұз жамылғысын әлсірету және бұзу, мұз кептелістерінің пайда болуына жол бермеу, сондай-ақ мұз жүруінің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

Айта кетелік Сілеті өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілген еді