«Кешеден бері ол мәліметті білуге мүмкіндік болды. Бізге жағдайлары «орта ауыр дәрежеде» деп айтты. Дегенмен қазыргі таңдағы нақты жағдайлары қандай екенін сол ұйымның қызметкерлері, яғни, дәрігерледің өздері айтса дұрыс болады.
Бірақ біз таңертең қоңырау шалып білгенде орта ауыр дәрежеде деп айтты», - деді Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингіде.
Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарланған болатын.
Бүгін таңертең ТЖМ Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.