ТЖМ жаңа жылдық шыршаларды орнату ережелерін еске салды

ТЖМ мерекелік шыршаларды орнату кезінде нендей ережелерді ескеру керек екенін еске салды, деп хабарлайды Kazinform Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Фото: Pixabay

Жаңа жылдық шыршаларды орнату кезінде ережелерді елемеуге болмайды.

Шыршаны орнату кезінде келесі іс-шараларды ескеру қажет:

- шыршаны жылыту құрылғыларынан алыс, тұрақты тірекке орнатыңыз;

- шыршаны жарықтандыру үшін тек зауытта жасалған жарамды электр гирляндаларын пайдалану қажет;

- гирляндты қосқан кезде сымның зақымдалмағанына, шамдар жанып тұрғанына және розеткадағы штекер ұшқын шығармайтынына және қызбайтынына көз жеткізіңіз;

- шыршаны шығаберіске, дәліздерге орнатпаңыз;

- балаларды шыршалардың жанында қараусыз қалдырмаңыз.

Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.