Аудиторияға кіре берісте 9 763 рұқсат етілмеген заттар алынды, оның 7 482 - тестілеу барысында (ұялы телефондар, калькуляторлар, фотоаппараттар, рациялар). 24 тест тапсырушының нәтижелері есептелмеді.
Бүгінгі күнге орташа балл - 74,2 құрайды. 2012 жылы - 70,9 баллды құраған болатын.
20 693 мектеп бітіруші түлек (28,9%) 50 балл тиісті межені бағындыра алмады. 7814 мектеп бітіруші (10,9%) 100-ден артық балл жинады. 2012 жылы - 6 421 (9,2%).
125 балл - ең жоғары көрсеткішке үш түлек қол жеткізді. Олар: Павлодар облысы Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің түлегі Әсел Айткенова, Шымкенттегі М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназия түлегі Аида Ысқақ және Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының түлегі Ботагөз Құспанғалиева. Осылайша, осы жылы аталмыш көрсеткіш былтырғыдан қарағанда жақсарды. 2012 жылы ең жоғары көрсеткішке екі түлек қол жеткізген болатын.