Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Қали Әбдиев мәлім етті.
«Ағымдағы жылы ұлттық жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдері бойынша кішігірім өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бұл оқу орындарындағы ақылы бөлімге түсу үшін «білім беру», «ауылшаруашылық ғылымдары» және «ветеринария» мамандығы топтарына 60 балл жинау жеткілікті болады»,-деп түсіндірді Қ. Әбдиев.
Осы орайда ол ұлттық жоғары оқу орындарына түсудің ең төменгі шекті балын 70-ке жеткізу керектігін еске салып өтті. Өзге ЖОО-ларда бұның деңгейі - 50 балл. Ал «жалпы медицина» мамандығы бойынша кем дегенде 55 балл жинау керек.