«ҰТБ біздің елде кесте бойынша жыл сайын маусым айының соңы мен шілде айының басында өтеді. ҰБТ-ға дайындалу үшін уақыт жеткілікті екенін көріп отырсыздар. Маусым айының соңында қазіргі жағдай өзгереді деп ойлаймыз. ҰБТ-ны дәстүрлі түрде өткізетінімізге үміттенеміз. Біріншіден, ҰБТ – өтеді. Екіншіден, оның форматы өзгермейді. Үшіншіден, өту уақыты да өзгермейді», - деді министр.
Дегенмен, А.Аймағамбетов пандемияға байланысты ахуал өзгермеген жағдайға ҰБТ-ны өткізудің өзге нұсқалары қарастырылып жатқанын жеткізді.
«Әдіскерлер, ІТ мамандардан құралған топ бар. Олармен бірігіп ҰБТ-ның екі нұсқасын дайындап қойдық. Пандемия жағдайы жақсармаса, екінші нұсқаны қолданамыз. Бұрын айтқанымдай, «Б» жоспарын қолданамыз. Біз 11-сыныптар үшін қорытынды аттестацияны алып тастадық. Бұл ҰБТ-ға жақсырақ дайындалу үшін мүмкіндік береді. Биыл тест сұрақтары ішінде 99% төртінші тоқсанға қатысты сұрақтар жоқ», - дейді ол.