Оның сөзіне қарағанда, ҰБТ-дан кейінгі бір айға жуық уақытта тестілеу кезінде түсірілген бейне жазбалар қайтадан тексеріледі.
«Постмониторингке тоқталсақ, бұл тұрғыда ҰБТ тапсырылғаннан кейін 20-30 күн қамтылады, яғни тестілеу кезіндегі видеоматериалдар тексеріледі. Егер де тест кезінде адам көшіріп отырғаны таспадан анықталса, онда ол адам оқудан шеттетіледі. Яғни, оның сертификатының күші жойылады», - деп түсіндірді вице-министр Ұлттық тестілеу орталығында өткен кеңесте.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мирас Дәуленов тестілеуге талапкер өзінің орнына басқа біреуді жіберсе, бұл жағдайда аталған адам бір жылға емтихан тапсыра алмайтынын айтты.